11.04.2024 | 12:24

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының жартылай финалында

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Қырғызстан астанасы Бішкекте басталған күрестен Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама палуаны 97 кг дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Махсұд Вейсаловты таза ұтты. Осыған дейін Ризабек алғашқы белдесуінде қырғыз палуаны Андрей Ароновты жеңген (6-0). Келесі қарсыласы - үндістандық бозкілем шебері болмақ.

Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында күміс медаль алған. Финалда жапониялық спортшы Араш Йошидаға есе жіберген.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес