06.11.2023 | 10:21
Бөлісу:
Ұлттық құрама 4 құрлық чемпионатында алғаш рет медаль жеңіп алды
Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен төрт құрлық чемпионаты аяқталды. Мұнда Ұлттық құрама осы турнирдегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні 3000 метрге жарыста еліміздің әйелдер құрамасы мәреге үшінші жетіп, қола жүлдегер атанды. Команда сапында Алина Ажгалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова мен Ольга Тихонова сынға түсті. Қазақстанның уақыт көрсеткіші 4:16.200 секунд.
Бас жүлде жарыс қожайыны Канаданың еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея күміс медальге ие болды.
Халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) төрт құрлық чемпионаты бәсекесінің негізін 2019 жылы қалаған. Мақсаты – Еуропадан басқа құрлықтағы спортшылардың арасында жарыс өткізу. Алғаш рет 2020 жылы Монреаль (Канада) қаласында өтсе, одан кейінгі сериясын 2022 жылы Солт-Лейк-Сити қаласы (АҚШ) қабылдады.
Жалпы бұл жарыста 6 мемлекет – Оңтүстік Корея, Канада, АҚШ, Қытай, Жапония мен Қазақстан медаль жеңіп алған. Қазақстан бұл қатарға бүгін қосылды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: