26.09.2023 | 14:00

Ұлттық құрама Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Ұлттық құрама мергендері күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Қазақстан құрамасы (Бахтияр Ибраев, Андрей Худяков, Асадбек Назиркуляев) финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Қарсылас құрама 1116 ұпай жинаса, біздің мергендердің еншісінде 1111 балл.

Бұл бағдарламада үздік үштікті Индонезия спортшылары түйіндеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес