14.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Сергей Пономарёв В тобындағы финалда мәреге бесінші келді
Франция астанасы Париж маңындағы Сен-Кантен-ан-Ивелин қаласында тректегі велоспорттан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін қазақстандық Сергей Пономарёв кейрин бағдарламасында жарыс жолына шығып, 11-сатыдан көрінді. Сергей жартылай финалда алғашқы алтылықта өнер көрсетіп, мәреге 5-ші болып келді. В тобындағы финалға жолдама алған қазақстандық спортшы мұнда да бесінші сатыдан көрінді.
Бұл сында нидерландтық Харри Лаврейзен чемпиона атанса, отандасы Джеффри Хугленд күміс алды. Үздік үштікті колумбиялық Кевин Сантьяго Кинтеро Чаварро түйіндеді.
Биыл маусымда Сергей осы кейрин түрінен Делиде өткен велотректен ересектер арасындағы XXXXI Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, Франциядағы жаһан чемпионаты 16 қазанда аяқталады.
Біздің анықтама: Кейрин – өткен ғасырдың ортасынан бастап Жапонияда қарқынды дамыған тректегі веложарыс түрі. Спортшылар 2 шақырым жарысады. Тректегі сынға бір мезетте кем дегенде 6, ары кетсе 9 спортшы шығады. Әр позиция жеребе арқылы анықталады. Олар сөреде жанкүйерлерге қарап 2 рет иіліп сәлем беруі қажет. Велошабандоздар бір жарым шақырым бойы көш бастап жүретін арнайы адам – пейсердің соңынан еріп, өзіне ыңғайлы орын үшін таласады. Ал 500 метр қалған кезде пейсер шетке шығып, мәреге дейін қызу талас жүреді. 2000 жылдан бастап Олимпиада бағдарламасынан түскен емес.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ПЕН ИГОРЬ ЧЖАН ЖЕКЕЛЕЙ СЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ОЛИМПИАДАНЫ 52-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ
ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ОЛИМПИАДАДА 21-ОРЫН АЛДЫ