07.07.2022 | invalid
Бөлісу:
Шахмат: Бибісара Асаубаева Serbian Chess Open турнирінде 3-орын алды
28 маусым мен 6 шілде аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында Serbian Chess Open турнирі өтті. Жүлде қоры 35 мың еуро болған биылғы бәсекеге әлемнің 29 елінен 200-ге жуық шахматшы қатысты. Оның ішінде 9 гроссмейстер, 68 халықаралық шебер, 6 әйелдер гроссмейстері мен 13 халықаралық әйелдер шебері бар.
Турнир қорытындысы бойынша қыздар арасындағы сайыста грекиялық Ставроула Цолакиду бас жүлдені жеңіп алса, үндістандық Сакши Читланге екінші орынға ие болды. Отандасымыз, жылдам шахматтан ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаева үшінші орынға табан тіреді.
Бибісарадан бөлек, Нови-Сад қаласында ел намысын Ринат Жұмабаев, Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов, Жандос Агманов, Арыстанбек Оразаев, Денис Махнев, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Әмина Қайырбекова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Эдгар Мамедов қорғады.
Айта кетейік, 28 шілде мен 10 тамыз аралығында Үндістанның Ченнай қаласында шахматшылардың 44-ші Олимпиадасы өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ