07.06.2023 | 18:53

Шайбалы хоккейден федерация жетекшілері есеп берді

Бүгін дирекцияда бірқатар Ұлттық құрамалар маусымда қорытындылап, есеп берді. ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, орынбасары Айгүл Бектенова, Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов пен орынбасары Азамат Имашев шайбалы хоккей мен шаңғы жарысынан өткен маусым жайлы федерация жетекшілерінің есебін тыңдады.

Алғаш болып қысқы маусымның қалай өткенін Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Глеб Каратаев баяндады.

Оның сөзінше, жас санаты бойынша 5 Ұлттық құрама жасақталып, халықаралық жарыстарға қатысқан. Одан бөлек, әр өңірде жұмыс істейтін бапкерлерге арнап, былтыр күзде www.jasnomad.kz сайты іске қосылған. Онда бапкерлерге әр жастағы ойыншыларды қалай жаттықтыру керегі ай сайынғы жоспарымен көрсетілген. Бұл методика Еуропа футбол клубтарына қарай әзірленген.

«Жобаның іске қосылғанына 10 айдай уақыт енді өтті. Сондықтан қазір белгілі жасқа арналған методика жарамды, ал мынауы жарамсыз деп қорытынды шығарып, айта алмаймыз. Мұның бәрі жаттығу жұмысын біріздендіру үшін істелді. Осы арқылы балалардың кейде мөлшерден көп жаттығу жасап, дағдысып бұзып алудан сақтаймыз»-деді федерацияның атқарушы директоры Глеб Каратаев.

Осыдан кейін ол жуырда Ұлттық құраманың әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, элиталы дивизонындағы орнын сақтап қалғанын жеткізді.

«Биылғы әлем чемпионатында жалпыкомандалық турнир кестесінде 11-орынды иелендік. Өз тобымызда 6-сатыдан көріндік. Бұл – біздің хоккейшілер топта бесінші орынды иемденген 2021 жылғы ӘЧ-дан кейінгі екінші нәтиже. Осылайша, 2024 жылы ұлттық команда әлем чемпионатының элиталық дивизионында қатарынан төртінші рет ойнайды», -деді.

Сөз соңында Глеб Каратаев бірқатар өңірдегі спорт инфрақұрылымдарының құрылысы аяқталса, жаттығу жасайтын жер көбейетінін айтты. Сондай-ақ ол келесі жылға 5 оқу-жаттығу жиыны жоспарланғанын айтты.

Ербол Мырзабосынов түрлі жас санатындағы құрамаларда атап айтарлықтай нәтиже барын, ал ересектер қатарына қосылғанда олардың көрсеткіші төмендейтініне назар аударды.

«Бізге ересектер арасындағы нәтижеге назар аудару қажет. Сіздердің жаңа жұмыс әдісін енгізгендеріңіз қуантады. Әлем чемпионындағы Ұлттық құраманың ойыны жанкүйерлерге ұнады. Біз өз тарапымыздан федерацияның жұмысын жақсы бағалаймыз. Алдағы маусымға жоспарды тиянақты дайындып, жинақы өткізуге бар күштердіңізді саласыздар деп сенемін», деді төраға.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес