28.02.2023 | 15:03

Шорт-трекшілер эстафетада қос жүлде жеңіп алды

Кузбасс облысында өтіп жатқан «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарында шорт-трекшілер тағы 2 медальге ие болды. Эстафетада (3 мың метр) қыздар құрамасы мәреге 3-болып келді. Ал ұлдар құрамасы күміс жүлдегер атанды.

Қыздар құрамасының сапында Нұрия Алпысбай, Айзада Алтынбек, Айсара Лабиб пен Малика Жолтабар сынға түсті. Ұлдар құрамасында Әліби Әлімгереев, Мадияр Мадихов, Ерасыл Шыңғысхан мен Мейіржан Төлеген жарысты.

Кеше 1500 метрге жарыста Мейіржан Төлеген күміс, Малика Жолтабар қола жүлде жеңіп алған. Ертең шорт-трекшілер мың метрге жарыспен ойындарды аяқтайды. Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес