25.02.2024 | 20:55
Бөлісу:
Су спорты түрлерінен Азия чемпионатының алауы жағылды
26 ақпан мен 9 наурыз аралығында Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен XI Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жүлделер жүзу, суға секіру, көркем жүзу және су добы бойынша сарапқа салынады. Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысады. Бүгін құрлық додасының ашылу салтанаты өтті. Еліміздің көк байрағын ұлттық құрамамыздың көшбасшысы Әділбек Мусин алып шықты.
Қазақстанның намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері (ересектер):
26-29 ақпан, жүзу: Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева, Ксения Игнатова, Арсен Қожахметов, Софья Сподаренко, Егор Попов, Максим Сказобцев, Егор Василенко, Даниэла Дю, Даниил Черепанов, Диана Тасжанова;
26 ақпан – 1 наурыз, суға секіру: Кирилл Новиков пен Диана Жұмағұлова;
2-6 наурыз, көркем жүзу:
Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина, Анна Павлетцова, Валерия Столбунова, Артур Майданов, Карина Магрупова, Жаклин Якимова, Арина Мясникова, Дарина Валиуллина;
3-9 наурыз, су добы: Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы.
Суреттердің авторы - Тұрлыжан Айтенов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСИНГАПУРДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
ӘДІЛБЕК МУСИН МӘРЕГЕ 5-ШІ ЖЕТТІ
ӘДІЛБЕК МУСИН ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ
ПАРИЖ-2024: КСЕНИЯ ИГНАТОВА МӘРЕГЕ 2-ШІ ЖЕТТІ