27.07.2023 | 12:53

Стенд атудың шеберлері Шымкентте шеберлік байқасады

Шымкент қаласында Shymkent Shooting Plaza кешенінде стенд атудан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды. Шілденің 30-ына дейін созылатын бәсекеге еліміздің 6 өңірінен (Астана, Алматы, Шымкент қаласы, Алматы, Қызылорда және Павлодар облысынан) 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олар 8 жаттығу бойынша бақ сынайды:

- жекелей сында 4 жаттығу (дөңгелек стенд, траншеялы стенд, спортинг және дубль-трап);

- команадалық 2 жаттығу (траншеялы стенд, дөңгелек стенд);

- аралас сында 2 аралас жаттығу (скит/микст, трап/микст).

Стенд атудан Спартакиада биылғы Қазақстан чемпионатының орнын басады. Апта аяғына дейін барлығы 24 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес