27.10.2023 | 23:19

Сұлтан Әсетұлы ертең финалда күреседі

Бүгін Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінің шеберлерінің бәсекесі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Сұлтан Әсетұлы 67 кг дейінгі салмақтың финалына шықты. Ол жартылай финалда Әзірбайжан көшбасшысы Хасан Маммадиді айқын басымдықпен тізе бүктірді (9-0).

Ертең Сұлтан түркиялық палуан Мұстафа Йылдырыммен чемпиондық атаққа таласады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес