03.02.2024 | 19:20

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметі. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстанның атынан Айнұр Абдықалықова өз өнерін ортаға салды. 45 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан отандасымыз жұлқа көтеруде 62 келі, ал серпе көтеруде 75 келіні бағындырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен 4-орынға табан тіреді.

1-орын. Вон Сим Хюн (Солтүстік Корея) – 192 кг (86+106)

2-орын. Сиривимон Прамонгхол (Таиланд) – 163 кг (72+91)

3-орын. Хонг Зи-Ю (Тайпей) – 162 кг (72+90)

4-орын. Айнұр Абдықалықова (Қазақстан) – 134 кг (62+75)

Алдағы күндері жарыс жолына тағы 6 отандасымыз шығады. Әйелдер арасында Арай Нұрлыбекова (87 кг) бақ сынаса, ерлердің бәсекесінде Сайрамкез Ақмолда (67 кг), Әлібек Рақымберді (81 кг), Александр Уваров (81 кг), Сергей Петрович (89 кг) және Кирилл Староверкин (96 кг) ел насымын қорғайды. 10 ақпанға дейін жалғасатын Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар үлестіріледі. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес