10.12.2023 | 21:14
Бөлісу:
Uly Dala qysy бұқаралық жарысына 150-ге жуық азамат қатысты
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Астана қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан «Балқарағай» демалыс орнында үшінші рет республикалық Uly Dala qysy 2023 кедергілерден өту жарысы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биылғы додаға 16-50 жас аралығындағы 150-ге жуық ерікті салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысты. Сайыс кезінде олар 5 шақырым бойына қойылған 15-тен астам кедергіден мүдірмей өтті.
Ерлер арасында Әділет Тоқтаров мәреге бірінші келсе, Қуаныш Рыспаев пен Өзгеріс Аманбек қалған жүлдеге ие болды. Әйелдер жарысында Гүлжан Шакенова жүзден жүйрік шықты. Анара Бухарова мен Динара Тастанова үздік үштікті түйіндеді.
«Ұлы дала қысы жарысына қатысуға 1-2 күн қалғанда ғана шешім қабылдадым. Жаз мезгілінде де қатысып, 5-орынға тұрақтаған едім. Осы жолы чемпион болатынымды күтпедім. Дегенмен, жеңіске жету үшін өз күшіңе ғана емес, командалық қолдау қажет екенін ұғындым. Нәтижесінде топ жардым. Әйтсе де, кедергілердің тайғақтығы қатысушыларға біршама кедергісін келтірді. Жеңіл атлетикамен тұрақты айналысамын. Салауатты өмір салтын ұстанайық!», - деп Гүлжан Шакенова өз қуанышымен бөлісті.
Бұдан бөлек қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: