25.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Велоспорт: Қазақстан Әлем чемпионатын ТОП-10 елдің қатарында аяқтады
Бүгін Аустралияның Жаңа оңтүстік Уэльс штатындағы Вуллонгонг қаласында тас жолдағы велоспорттан Әлем чемпионаты аяқталды. Бәсекенің соңғы күнін ересектер 266,9 шақырым жарыспен қорытындылады. Мұнда бельгиялық Ремко Эвенепул мәреге бірінші келіп, чемпион атанды. Ұлттық құрама көшбасшысы Алексей Луценко мәреге 35 шақырым қалғанда негізгі топтан қара үзіп, Ремко Эвенепулдың соңына түскен. Алайда соңғы сәтте оларды пелетон қуып жетіп, Алексей мәреге 24-болып жетті. Ол жеңімпаздан 2 минут, 21 секунд қалып кетті.
Қазақстан құрамасының өзге өкілдері Вадим Пронский мен Юрий Натаров мәреге дейін жете алмады.
Биылғы додада қазақстандық велошабандоздар 1 алтын медальге ие болып, жалпы есепте Жаңа Зеландиямен 8-орынды бөлісті. Жалғыз жүлдені 23 жасқа дейінгі велоспортшылар сынында Евгений Федоров жеңіп алды. Ақтөбенің тумасы 170 шақырымды 3 сағат, 57 минут, 8 секундта басып өтіп, ешкімге дес бермеген еді. Барлығы Аустралиядағы Әлем чемпионатында 13 мемлекеттің қоржынына жүлде түсті.
Бұған дейін Қазақстан тас жолдағы ӘЧ-да 2012 жылы жүлде алған. Он жыл бұрын Алексей Луценко 23 жасқа дейінгілер арасындағы бәсекеде чемпион болған. Ал оның алдында 2006 жылы Зальцбург (Аустрия) пен 2004 жылы Верона қаласында (Италия) өткен жаһан чемпионатында Алексей Винокуров уақытқа жарыс түрінен қола жүлдегер атанған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ПЕН ИГОРЬ ЧЖАН ЖЕКЕЛЕЙ СЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ОЛИМПИАДАНЫ 52-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ
ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ОЛИМПИАДАДА 21-ОРЫН АЛДЫ