07.04.2023 | 16:12
Бөлісу:
Велотректен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасы басталды
Бүгін Астана қаласындағы Сарыарқа кешенінде велотректен Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы басталды. Енді 3 күн бойы 13 өңірден келген 100-ге жуық спортшы бір-бірімен жарысады. Бүгін скретч, кейрин мен топтан тыс қалу жарысынан жеңімпаз бен жүлдегерлер белгілі болды.
Бұл жолы скретч (60 айналым) тек ерлер арасында өтті. Мұнда Руслан Елубаевқа (ШҚО) тең келер қарсылас табылмады. Қарағандылық Илья Карабутов күміс, маңғыстаулық Дмитрий Носков қола жүлдегер атанды.
Ерлер арасында кейринде Андрей Чугай (Ақмола) жеңіске жетсе, Кирилл Курдиди (Қарағанды) мен Виктор Голов (Маңғыстау) одан кейінгі тұғыр сатысына көтерілді. Әйелдер арасында Ақпейіл Өсім (Жетісу) топ жарды. Ал Юлия Голубкова екінші (ШҚО), Полина Братчикова (СҚО) үшінші орынға жайғасты.
Топтан тыс қалу жарысында Астана қаласының велошабандоздары дес бермеді. Айта кетейік, мұнда әр айналымда мәреге соңғы келген бір спортшы жарыстан шығып отырады.
Ерлер сынында Рамиз Дінхаметов алтыннан алқа тақты. Тағы бір елордалық Сергей Кармажаков күміс, Асылхан Тұрар (Қызылорда) қола медаль алды. Әйелдер арасында Марина Кузьмина қалған 15 спортшыдан басым түсті. Жетісу облысынан келген Бота Батырбекова мен Ақпейіл Өсім қалған 2 жүлденің иегері.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ПЕН ИГОРЬ ЧЖАН ЖЕКЕЛЕЙ СЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ОЛИМПИАДАНЫ 52-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ
ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ОЛИМПИАДАДА 21-ОРЫН АЛДЫ