01.03.2023 | 14:15
Бөлісу:
Шорт-трекші Мейіржан Төлеген дегеніне жетіп, алтын алды
Шорт-трекшілер Кузбасс облысында өтіп жатқан «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарын табысты аяқтады. Мың метрге жарыста Мейіржан Төлеген чемпион атанса, Мадияр Мадихов қолаға қол жеткізді. Тағы осы финалда өнер көрсеткен Əліби Əлімгереев пен Ерасыл Шыңғысхан 4-ші жəне 5-орыннан көрінді.
Айта кетейік, осыған дейін шорт-трекшілер 4 жүлде жеңіп алған. Алғашқы күні 1500 метрде Мейіржан Төлеген күміс, Малика Жолтабар қола жүлдегер атанды. Ал кеше 3 шақырым эстафетада ұлдар құрамасы мəреге 2-ші, қыздар 3-болып келген.
Шорт-тректен Ұлттық құраманың бас бапкері Данабек Хайров шəкірттерінің нəтижесін жақсы деп бағалайды.
«Соңғы күні алтын медаль алуға барымызды салдық. Бізге жетпей тұрғаны сол ғана еді. Жалпы еншімізде 6 жүлде бар. Меніңше, барлық спортшы жақсы өнер көрсетті. Əр қайсы кем дегенде елге бір жүлдемен оралады. 2019 жылғы алғашқы ойындарда бір алтын, бір күміске ие болғанбыз. Осы жолы сол көрсеткішті жақсартқанымызға қуаныштымын»,-деді Данабек Хайров Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: