07.10.2023 | 13:30

Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы үздік үштікті түйіндеді

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында көркем жүзуден Қазақстан делегациясының қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еркін бағдарламада Ұлттық құрама спортшылары Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина қойылымы үшін 418.6987 ұпай алды. Жарыс қожайыны Қытай жұбы 526.8620 ұпаймен тұғыр төріне шықса, Жапония (489.4288 ұпай) атлеттері күміс жүлдеге қол жеткізді.

Кеше Ясмин мен Арина техникалық бағдарламада 218.1633 балмен 2-орынға жайғасқан. Қазір Қазақстанға 9 алтын, 19 күміс пен 43 қола медаль болды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес