08.11.2024 | 22:43
Бөлісу:
ЖӘНИЯ БЕКМҰХАМБЕТОВА ИТАЛИЯДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Италияның Линьяно қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender Lignano 2024» халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін 13 жасқа дейінгі ойыншылар арасында отандасымыз Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды.
Жәния жарыс барысында Джулия Фернандес (Испания) 3:0, Каролина Росси (Италия) 3:0, Джулия Троззо (Италия) 3:0, Симона Дурисова (Словакия) 3:0, Надалия Ионаскутты (Румыния) 3:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Ли Джэн-Юэден (Қытайдың Тайпейі) 0:3 есебімен жеңіліп, 3-орында қалды.
Қазір 11 жастағы қостанайлық спортшыны Юлия Даниярова жаттықтырады.
Фото: Қазақстан үстел теннисі федерациясы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҮСТЕЛ ТЕННИСІ: 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТАЛАНҒАН СИРЕК ЖАЙТ