09.10.2024 | 17:11
Бөлісу:
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ: ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ
Үстел теннисінен Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Париж Олимпиадасында командалық бәсекеде жүлдеге таласқан Үндістанмен ойнады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл ойында Қазақстан командасы қарсыласқа1-3 есебімен жол берді.
Кирилл Герасименко – Манав Викаш Закар 0:3 (9:11, 7:11, 6:11)
Алан Құрманғалиев – Хармит Десай 3:0 (11:6, 11:5, 11:8)
Айдос Жұмағұлов – Шараз Камал Ачанта 0:3 (4:11, 7:11, 10:12)
Кирилл Герасименко – Хармит Десай 0:3 (11:6, 9:11, 11:7, 8:11, 8:11)
Екі команда биыл Оңтүстік Кореяда өткен командалық әлем чемпионатының 1/16 финалында да жолығып, Үндістан спортшылары 3:2 есебімен жеңіске жеткен.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҮСТЕЛ ТЕННИСІ: 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТАЛАНҒАН СИРЕК ЖАЙТ