13.10.2024 | 19:03

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ: АСТАНАДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?

Бүгін үстел теннисінен Астана қаласында  27-ші Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жалпы жүлде кестесі:

Жапония - 3 алтын, 2 күміс, 3 қола

Қытай - 2 алтын, 1 күміс, 1 қола

Солтүстік Корея - 1 алтын, 1 күміс, 1 қола

Оңтүстік Корея - 1 алтын, 3 қола

Сингапур - 1 күміс

Тайпей - 1 күміс

Үндістан - 3 қола

Гонконг - 2 қола

Малайзия - 1 қола

Бүгінгі финалды аренадан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тамашалады.

Қандай ерекше жайттар тіркелді?

Жалпы есепте Жапония мемлекеті үшінші рет топ жарды. Бұған дейін олар 1974 және 2021 жылы (Қытай пандемияға байланысты қатыспаған) бірінші орын алған.

Әйелдер бәсекесінде жеке сайыстан Солтүстік Корея алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Жалпы Солтүстік Корея тек 2005 жылдан алтын жүлде ала алмай келе жатқан.

Малайзия елі Азия чемпионатында бірінші рет өз тарихында қола жүлде иеленді. 1972 жылдан бергі Азия чемпионатында тек 10 мемлекет қана жүлде еншілеген.

Ерлер бәсекесінен жеке сайыстан Жапония араға 50 жыл уақыт салып, Азия чемпионатында топ жарды. Чемпион – Томоказу Харимото.

Әйелдер бәсекесінен жұптық сайыста Жапония өз тарихында алғаш рет алтын алды.

Ерлер бәсекесінен жұптық сайыста Оңтүстік Корея 32 жылдан кейін ең биік тұғырдан көрінді.

Айта кетейік, бас қаламызда бірінші рет өткен сары құрлықтың бәсекесіне 26 елден таңдаулы 210 спортшы 7 жүлде жиынтығын сарапқа салған. 

Фото: Ақорда. 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес