23.09.2024 | 12:53

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН КІМДЕР ҚОРҒАЙДЫ?

Үстел теннисінен 6-13 қазан аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан спорттың бұл түрінен алғаш рет құрлық додасын қабылдайды. Бір аптаға созылатын бәсекеде 7 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Құрлық жарысы болғанымен, деңгейі әлем чемпионатынан еш кем түспейді.

Париж Олимпиадасында 5 жүлде жиынтығына 60 ел талас жүргізсе де, тек 6 мемлекет тұғырдан көрінді. Олардың арасында Азия құрлығынан Қытай, Жапония, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бар.

Қазақстаннан 10 спортшы қатысады: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Искандер Харки, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Акашева, Анастасия Лаврова, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская;

XX ғасырдың ортасынан бері ұйымдастырылып келе жатқан айтулы бәсекеде бүгінге дейін тек 10 мемлекет жүлде алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес