23.11.2023 | 11:46

Ұлттық құрама іріктеу турнирінде 5-орынға тұрақтады

Жапонияның Осака қаласында регби 7-ден сары құрлықтың Олимпиадаға іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер арасында 8, әйелдер арасында 7 құрама Париж ойындарына берілетін лицензияның иегерін анықтады.

Қазақстан әйелдер құрамасы D тобындағы алғашқы ойында Таиландтан (0-22), сосын жарыс қожайыны Жапониядан жеңілсе (0-43), ертесіне Гуам (52-0) мен Үндістан құрамасынан (39-0) басым түсті. Осылайша, Ұлттық құрама бұл бәсекені 5-орында аяқтады.

Ал ерлер мен әйелдер арасында Олимпиада жолдамасы Жапонияға бұйырды. Бұл құрама 2016 жылы регби кешенді жарыс бағдарламасына қосылғаннан бері барлық 3 ойынға қатысады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес