08.06.2023 | 21:32
Бөлісу:
Ұлттық құрама жартылай финалға шыға алмады
Жапонияның Какамигахара қаласында көгалдағы хоккейден 21 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы VIII Азия Кубогы өтіп жатыр. Бүгін Ұлттық құрамамыз осы бәсекеде 2-рет қарасыласына жол берді. Серік Қалымбаев баптайтын отандастарымыз жарыс қожайыны Жапониямен ойнап, 0-8 есебімен ұтылып қалды. Өкінішке қарай, біздің хоккейшілер жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.
Осыған дейін Қазақстан құрамасы Индонезияны 6-0, сосын Гонконгты 3-0 есебімен ұтқан. Алайда 2-турда Қытай хоккейшілеріне жол берген (0-14).
Қазір Ұлттық құрама сапында ең көп гол салған ойыншы – Виктория Лобанова (4 гол). Одан кейін Виктория Ляпина (3 гол) мен капитан Балжан Бейсенбай (2 гол) келе жатыр.
Енді Ұлттық құрама Қытайдың Тайбэйімен ойнап, 5-8 аралығындағы орындарды сарапқа салады. В тобынан Қытай мен Жапония, ал А себетінен Үндістан мен Оңтүстік Корея жартылай финалға шықты. Осы командалардың үшеуі биыл Чили астанасы Сантьягода өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына барады. Айта кетейік, сары құрлық додасы 11 маусымда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚазақстан – Азия Кубогының қола жүлдегері
Қазақстан финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды
Қазақстан құрамасы Азия Кубогының жартылай финалында
Индорхоккейден команда Азия Кубогының күміс жүлдегері атанды