25.04.2023 | 12:50

Ұлтық құрама Әлем Кубогының Каирдегі шешуші кезеңіне аттанды

Мысыр астанасы Каирде 27-30 сәуір аралығында спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының 4-кезеңі өтеді. Осы жолы 38 елден келген 130-дан астам атлет жүлде жолында сынға түседі.

Бірнеше күн бұрын Алматы қаласында VI жазғы Спартакиадаға қатысқан Қазақстан құрамасының сапында Нариман Курбанов, Милад Карими, Ильяс Азизов, Диас Тойшыбек пен Аида Бауыржанова бар. Бұл қатарда VI жазғы Спартакиадада көпсайыста қола медаль алған Диас Тойшыбек ересектер арасындағы алғашқы халықаралық жарысына аттанды.

Айта кетейік, биылғы 3 кезең нәтижесінде еркін жаттығуда Милад Карими, ал ат снарядында Нариман Курбанов 1-орында келе жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес