25.03.2023 | 21:09
Бөлісу:
Абылайхан Жұбаназар Үлкен Дулыға бəсекесінде алғашқы жүлдесіне қол жеткізді
Бүгін Абылайхан Жұбаназар (81 кг дейін) Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Үлкен Дулыға бəсекесінің күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда аустриялық дзюдошы Вахид Борчашвилиден голден-скорда жеңілді.
Абылайхан D тобында іріктеуде канадалық Мохаб ел-Нахасты, польшалық Павел Дзималды, Еуропа чемпионы атанған молдовалық Виктор Стерпуды ұтты. Ал жартылай финалда грузиялық Дмитрий Гочилаидзеден басым түсті.
Айта кетейік, кеше Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Əбиба Абужақынова (48 кг дейін) өз салмағында үздік үштікті түйіндеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАнтальяда күресетін дзюдошылар анықталды
Нұрқанат Серікбаев Үлкен дулыға турнирінде алғаш рет топ жарды
Ғалия Тынбаева Үлкен дулығадағы алғашқы медалін жеңіп алды
Нұрқанат Серікбаев 2-рет Үлкен дулыға турнирінің финалына шықты