25.06.2023 | 20:17

Алексей Луценко тас жолдағы велоспорттан топтық жарыста VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы атанды

Бүгін Талдықорған қаласында тас жолдағы велоспорттан ҚР VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Соңғы жарыс күнінде ерлер мен андерлер 164 шақырымды (5 айналым) құрайтын топтық сайыста сынға түсті. Велошабандоздарға Жоңғар Алатауы тау бөктері арқылы, қиын әрі бұралмалы бұрылыстарға толы жолмен жүруге тура келді.

Нәтижесінде Спартакиада жеңімпазы атағын ұлттық құрама көшбасшысы, Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Алексей Луценко жеңіп алды. Мәреге 20 шақырым қалғанда Луценко қарсыластарынан ұзап кетіп, сызықты жеке дара кесті. Екінші орынды жеңімпаздан 2 минут 5 секундқа қалып қойған Ақмола облысының шабандозы Евгений Гидич иеленді. Үздік үштікті Солтүстік Қазақстан облысының тағы бір спортшысы Даниил Марухин түйіндеді.

Андерлер арасында (U23) Николя Винокуров (СҚО) Қазақстан чемпионы атанса, Андрей Ремхе (Алматы облысы) күміспен күптелді. Қола жүлде Оркен Сламжановқа (Жетісу облысы) бұйырды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес