25.11.2022 | invalid

Әлем чемпионы Максим Жиленков пен Арина Молочникова жұбы Алматыдағы турнирге қатысады

26-27 қараша аралығында Алматы қаласында (Санаторная көшесі, 14-корпус, «Бағанашыл» спорт сарайы) спорттық биден «Күз вальсі» атты халықаралық турнир өтеді.

Бұл сайыста 19 қарашада Латвияның Саласпилс қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы (16-18 жас аралығы) Максим Жиленков пен Арина Молочникова жұбы өнер көрсетеді. Сондай-ақ халықаралық турнирлерде ел намысын қорғап жүрген Даниил Кузнецов пен Тамара Беленькая жұбы да жаңа бағдарламасын паш етеді. Олар 12 қарашада Португалияның Вила-нова де Фамиличао қаласындағы Әлем чемпионатында 14-15 жас аралығында қола жүлдегер атанған.

Жалпы алғанда Қазақстанмен қатар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, АҚШ-тан келген 950-ге тарта биші бақ сынайды. Екі күнге созылатын жарыста барлық жас санаты бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес