04.12.2023 | 11:08

Би спортында Қазақстан жұбы әлем чемпионы атанды

Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан 10 түрлі биден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын Нейдас Ленкитис пен Тамара Беленькая жұбы топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Күміс Адриа Эрнандес пен Эмилижа Улсинейт (Испания), ал қола медаль Владимир Чебану мен София Чьорескудің (Молдова) еншісінде.

Бұған дейін ел тарихында бірінші мәрте 2022 жылы Латвия мемлекетінде ұйымдастырылған әлем чемпионатында Максим Жиленков пен Арина Молочникова чемпион атанған. Айта кетейік, биылғы додада 27 мемлекеттен 54 спортшы жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес