06.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстандық жұптар Латын америкасы билерінен Әлем чемпионатына қатысты
4 маусымда Германияның Бремен қаласында жасөспірімдер арасында Латын америкасы билерінен Әлем чемпионаты өтті. Спорттық би бәсекесіне 38 елден 66 жұп қатысты. Еліміздің намысын Даниил Кузнецов пен Тамара Беленькая (бапкері – Наталья Беклемишева), Темірлан Саматұлы мен Алтынай Марат (бапкері – Екатерина Рыбина) дуэті қорғады.
Кузнецов-Беленькая жұбы ақтық сынға дейін жетіп, 5-орын алса, Саматұлы- Марат жұбы чех спортшыларымен бірге отыздықты түйіндеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: