18.02.2024 | 19:57

Алина Саркулова Қызылалан Кубогында тағы 2 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін Түркияның Анталья қаласында маунтинбайктан Kuzilalan Cup (Қызылалан Кубогы) мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кросс-кантри бағдарламасында Алина Саркулова тағы топ жарып, 2-алтын медалін мойнына тақты. Ол кешегі әйелдер арасындағы жарыста да жеңіске жеткен. Мұнда тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Татьяна Генелева қола медаль иеленді. Кеше Татьяна күміс жүлдегер атанған. Олимпиада бағдарламасына кіретін бұл санатта кеше Алина Спирина үздік бестікті түйіндеді.

Бүгін ерлер арасында Денис Сергиенко 2-орын алды. Кеше ол жүлдеге бір табан жетпей, 4-сатыдан көрінген.

Айта кетейік, Алина Саркулова былтыр 28-29 қаңтарда аралығында өткен Kuzilalan Cup турнирінде 2 мәрте чемпион атанған. Қазір оның осы жарыста қол жеткізген жүлде саны 4 алтынға жетті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес