04.10.2022 | invalid

Astana Open: Михаил Кукушкин Стефанос Циципастан жеңіліп қалды

Бүгін ATP 500 санатындағы Astana Open турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық Михаил Кукушкин әлемнің 6-ракеткасы Стефанос Циципасқа жол берді. Мачт 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Ойында грек теннисшісі допты ойынға қосу кезінде бір рет қос қателік жасаса, Михаил ешқандай қателікке бой алдырған жоқ. Десе де қазақстандық ойыншы эйс істеу жағынан есе жіберді. Стефаноста бесеу болса, Михаилда екеу ғана.

Бүгін Стефанос Циципас осы маусымдағы 50-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Кукушкин дәл қазір АТР рейтингінде жекелей сында 221-сатыда тұр. Ал кешкі сессияда еліміздің 1-ракеткасы Александр Бублик Нидерланды өкілі Таллон Грикспормен ойнайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес