
30.03.2025 | 22:09
Бөлісу:
АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ АММАНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Санаулы сəттер бұрын Азамат Дәулетбеков (-92 кг) Иордания астанасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Тәжірибелі отандасымыз жүлде жолында өзбекстандық Шерзод Пойоновты жеңді. Есеп: 2-1.
Бұл Азамат үшін сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы медаль. Ол осыған дейін 86 кг дейінгі салмақта 3 алтын, 1 күміс, 1 қола алған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

