22.05.2024 | 17:12
Бөлісу:
Біздің команда турнирді сенімді жеңіспен бастады
Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан волейболдан Challenge Cup турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
В тобындағы Қазақстан мен Сингапур арасындағы матч 3-0 есебімен алғашқысының пайдасына аяқталды. Есеп: 25-15, 25-9, 25-17.
«Әр турнирдегі алғашқы ойын қиындау болады. Уақыт айырмашылығы мен жолдан шаршау бар. Бірақ бұл барымызды салып ойнау үшін еш кедергі бола алмайды. Турнирде жоғары нәтиже көрсету үшін бізге бұл жеңіс қатты қажет еді. Ендігі Вьетнаммен кездесу оңай болмайды. Дегенмен таразы басы тең. Өз мүмкіндігімізді барынша тиімді қолданар болсақ, жеңістің ауылы алыс емес»,-деді Қазақстан құрамасының капитаны Сана Анарқұлова ойыннан кейінгі сұхбатында.
Тәжірибелі Сана Сингапурмен матчта алдыңғы шеппен қатар тылда да сенімді қимылдап, 12 ұпай жинады. Ал команда сапында ғана емес, кездесудегі ең көп ұпай отандасымыз Кристина Белованың (15 балл) еншісінде. Ол өз қапталындағы әр шабуылды нәтижелі аяқтап, қарсылас қорғаушыларынан айласын асырып отырды.
Айта кетейік, В тобында Қазақстанмен бірге Индонезия, Вьетнам, Сингапур, Қытайдың Гонконг командасы бар. Ал А себетінде Филиппин, Қытайдың Тайпейі, Үндістан, Иран мен Аустралия өзара үздіктерді анықтап жатыр.
Біздің команданың алдағы ойын кестесі мынадай:
24 мамыр, Қазақстан – Вьетнам
25 мамыр, Индонезия – Қазақстан
26 мамыр, Гонконг – Қазақстан
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері – Ришат Гилязутдинов. Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Суреттер: Азия волейбол қауымдастығы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4-ОРЫН АЛДЫ
«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды