29.05.2024 | 19:57

Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды

Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан волейболдан Challenge Cup турнирінің финалында Вьетнаммен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан – Вьетнам, 0-3 (20-25, 22-25, 22-25).

Өкінішке қарай, Ришат Гилязутдинов баптайтын біздің команда қарсыласқа осы жарыста екінші рет жол беріп, Вьетнамның былтырғы чемпион атағын қорғап қалуына кедергі жасай алмады. Қазақстан Challenge Cup турниріне бірінші рет қатысып, финалда өнер көрсетті.

Суреттер: Азия волейбол қауымдастығы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес