29.05.2024 | 10:03
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы финалда!
Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан волейболдан Challenge Cup турнирінде өз ойынын тауып, жақсы нәтижемен жанкүйерлерді қуантып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Капитан Сана Анарқұлова бастаған команда жарыс қожайынының құрамасын айқын басымдықпен ұтып, турнирдің ақтық сынына шықты.
Қазақстан – Филиппин, 3-0 (25-23, 25-21, 25-14).
Матчта ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады (19 балл). Одан кейін Светлана Николаева 11 нәтижелі әрекет жасады. Қарсылас сапындағы үздік - Ара Паник (14 ұпай).
Ришат Гилязутдинов баптайтын біздің команда турнирдің топтық кезеңінде Индонезия, Гонконг, Сингапурды ойсырата ұтқан. Ал екінші матчта Challenge Cup-тың қазіргі чемпионы Вьетнамға жол берген. Енді 29 мамырда (жергілікті уақыт 19:00) Астана уақытымен 16:00-де финалда кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Challenge Cup бәсекесіне алғаш рет қатысып жатыр. Финалды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Суреттер: Азия волейбол қауымдастығы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4-ОРЫН АЛДЫ
«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды