25.06.2023 | 10:31

Екатерина Шабалина Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды

Бүгін Аустрияның Вельс қаласында екі күнге созылған триатлоннан Еуропа Кубогы мәресіне жетті. Байрақты бәсекенің элит санатында отандасымыз Екатерина Шабалина қарсылас шақ келтірмей, жеңіске жетті. Ол белгіленген қашықтықты 59 минут, 35 секундта еңсерді. Күміс медальді германиялық Джул Беренс қанжығасына байласа, үздік үштікті франциялық Кристель Конги түйіндеді (59:48 секунд).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес