04.01.2024 | 17:24

Елена Рыбакина Брисбендегі 2-ойында сенімді жеңіске жетті

Ұлттық құрама теннисшісі Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирде Элизе Мертенсті жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үшінші айналымдағы Рыбакина (WTA 4-орында) мен Мертенс (WTA 30-орын) арасындағы матчтың есебі: 6-1, 6-0. Ойын бір сағатқа да жетпей, 56 минутта аяқталды. Статистика:

 

Рыбакина

Мертенс

Эйстер

 4

 3

Доп беру кезіндегі қосарлы қате

 0

 0

Брейктер

 5

 1

Жеңіп алған ұпай саны

 56

 28

 

Қазір екі теннисші арасындағы текетіресте Елена басымдыққа ие (4-1). Енді Ұлттық құрама көшбасшысы ертең Анастасия Потаповамен сынға түседі. Айта кетейік, осыған дейін Рыбакина аустралиялық ойыншы Оливия Гадекиден басым түскен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес