02.04.2023 | 03:10

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды

Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 санатындағы бәсекенің финалында чехиялық Петра Квитоваға жол берді. «Хард Рок» стадионындағы кездесу 1 сағат 42 минутқа созылып, 6-7 (12-14), 2-6 есебімен аяқталды.

Матчтың статистикасы:

 

Квитова

Рыбакина

Эйстер

 5

 12

Доп беру кезіндегі қосарлы қателер

 0

 3

Брейктер

 3

 1

Жеңіп алған ұпайлар саны

 78

 62

 
 

Бұл 2 теннисші арасындағы 3 ойын. Қазір 2-1 есебімен чехиялық алға шықты.

Елена – бүгінгі матчты қоса алғанда Майами Оупендегі әр кездесуде (6 ойында) кемі 10 эйс жасаған теннисші. Аты аңызға айналған америкалық, Үлкен Дулыға санатындағы бәсекелердің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямс 2015 жылғы Уимблдонда осындай нәтиже тіркеген.

Рыбакина Майамидегі турнирде 650 ұпай мен 662,360 АҚШ долларына ие болды. Ал Петра Квитова 1000 ұпай мен 1 млн 262,220 АҚШ долларын алады. Ертеңнен бастап ол қайтадан рейтингте ТОП-10 теннисшінің қатарына оралады. Жалпы бұл 33 жастағы спортшының карьерасындағы 30-жүлдесі. Оның 20-сына қатты корттағы бәсекеде қол жеткізді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес