08.07.2023 | 11:40

Елордада теннистен ҚР VI жазғы Спартакиадасы басталды

Бүгін Астана қаласындағы «Дәулет» теннис орталығында ҚР VI жазғы Спартакиадасы басталды. Іс-шарада алғашқы болып Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев сөз сөйлеп, жарыстың ережелерін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, Спартакиаданың төрешілерін таныстырып, доданың әділ өтуі үшін тәртіп болуы керектігін айтты.

Бір аптаға созылатын сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 45 спортшы қатысады. Оның ішінде ерлер - 23, әйелдер - 22.

Бәсекеде Ұлттық құрама сапында танылып үлгерген спортшылар да бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Григорий Ломакин, Достанбек Ташбулатов, Тимур Мәуленов елішілік турнирдің жүлдесіне таласады. Жарыстың нәтижесі туралы алдағы уақытта хабарлаймыз.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес