04.03.2025 | 17:29

ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ҚР VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайл-акробатикадан Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Додаға 5 командадан 40-қа жуық таңдаулы спортшы қатысып жатыр.

«Осы Спартакиада нәтижесінде аймақтардағы спорттың деңгейін анықтап қана қоймай, спортшыларымыздың алдағы байрақты бәсекелерге дайындығы пысықталады. Сондай-ақ әр аймақтың намысын қорғайтын атлеттерден көп үміт күтудеміз, сіздерге сенеміз», - деді өз сөзінде фристайлдан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Асылбек Бейсенов.

Айта кетейік, жарыс екі күнге созылып, қорытындысы ертең белгілі болады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес