18.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Гимназиада-2022: Қазақстандық таеквондошылар командалық есепте топ жарды
Францияның Нормандия қаласында 2004-2006 жылдары туған оқушылар арасындағы Гимназиада өтіп жатыр. Бұл бәсекеде қазақ таеквондошылары 3 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды
Ұлдар арасында Акрамат Долгиев 48 келіде қарсылас шақ келтірмей, Гимназиадада топ жарса, қыздар арасында 49 келідегі Рита Бакишева мен 55 келідегі Азиза Қараджанова жеңімпаз атанды. Айта кетерлігі, бұл сынға Қараджанова ұлттық құраманың бас бапкері Батырбек Есдәулетовтің қарамағында дайындалды.
Ал 44 келіде Наргиз Мерамбек пен 73 келінің өкілі Бекарыс Бекенов оқушылар сынында қола жүлде иеленді. Осылайша, Ұлттық құрамамыз жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Жастар құрамасының аға бапкері Нұрболат Жаңбыровтың айтуынша, әлемдік аламанға елімізден 10 таеквондошы аттанған: 5 ұл және 5 қыз. Барлығы ұлттық құрама мүшесі. Биылғы Гимназиадаға әлемнің 64 елінен 3600 спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 17 түрінен және паралимпиадалық үш сыннан жүлдеге таласады.
Қазақстан оқушылар арасындағы спорт аламанына бірінші рет қатысып жатыр. Елімізден Францияға 17 спорт түрінен 234 оқушы аттанған. 14 мамырда басталған дода 22 мамырда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ