11.10.2024 | 19:07
Бөлісу:
ГРЭППЛИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?
Бүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грэпплингтен әлем чемпионатының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ресми іс-шараға ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Азамат Имашев, Халықаралық күрес федерациясының (UWW) делегаты Антонио Гарсия Моралес, ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов қатысты.
«Астанамыз грэпплингтің екі түрінен 31 елден келген түрлі жас санатындағы 2000-ға жуық спортшыны тағы жинады. Осы тұста Қазақстан грэпплингтен әлем чемпионатын үш мәрте өткізген алғашқы ел екенін атап өткім келеді. Бұл Халықаралық күрес федерациясының бізге деген сенімін көрсетеді»,-деді Азамат Имашев өз сөзінде.
Айта кетейік, 7 қазаннан бүгінге дейін U15, U17, U20 жасқа дейінгі спортшылар мен ардагерлер арасында грэпплингтің ноу-ги және ги түрінен жүлдегерлер анықталды. Алдағы күндері ересектер өзара жүлдеге таласады. Барлығы Қазақстан атынан әр түрлі жастағы 200-ден астам спортшы сынға түсіп жатыр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: