28.12.2023 | 17:23

Келесі жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын грэплинг шеберлері анықталды

Биыл грэпплингтен Қазақстан аумағында 3000-нан астам спортшы қатысқан 10-ға жуық республикалық бәсеке өтті. Өңірлерде ел Кубоктары, чемпионаттар мен QAZAQ BATYRY CHAMPIONCHIP сынды  беделді турнир бар. Күнтізбенің нүктесін Астана қаласындағы ел чемпионаты қойды. Оған 20 өңірден 400-ден астам спортшы қатысты.

Бірінші күн грэпплинг санатында өтті. Чемпионаттың екінші күні грэплинг ги санатындағы үздіктер белгілі болды. Толығырақ https://qazgrappling.kz/turs/2023/chrk23/standings.html сайтында.

Елордадағы бәсеке 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің алғашқы кезеңі болды. Чемпионаттың финалистері, яғни бірінші және екінші номерлі спортшы 2024 жылғы Азия чемпионатына сынға түседі. Ал әр салмақтың алтын жүлдегерлері ғана әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Сондай-ақ номері 2-3-ші грэпплингші беделді QAZAQ BATYRY CHAMPIONCHIP турнирінде іріктеуден өтеді. Ол жерде 2024 жылғы Қазақстан Кубогының финалистері де болады. Осылайша, 5 таңдаулы спортшының арасында оза шапқаны ұлт намысын әлемдік аренада қорғайтын екінші спортшы атанады, яғни ел құрамасының екінші номері болып бектіледі. Айта кетейік, спорттық мереке кезекті рет «грэпплинг астанасы» мәртебесіне әбден лайықты еліміздің астанасында өтеді.

Жыл қорытындысы «Qazgrappling Awards 2023» марапаттау рәсімінде шығарылды. Салтанатты марапаттау рәсімінде қауымдасстық президенті Қанат Алин келесі номинация бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды құрмет грамоталарымен марапаттады:

Жылдың үздік спортшысы – Нұрбек Талбудин

Жылдың үздік спортшысы – Шынар Узбекова

Жылдың үздік жаттықтырушысы – Тоқтар Зарубеков

Үздік федерация – Астана қаласының грэпплинг федерациясы

Жылдың үздік жас спортшысы – Савелий Казаков

Жылдың үздік төрешісі – Азат Байсаринов

Жыл серпіні – Қызылорда облысының грэпплинг федерациясы

Биыл алғаш рет «жылдың үздік жас спортшысы» номинациясы ұсынылды. Оның жеңімпазы – павлодарлық спортшы Савелий Казаков атанды. Ал жыл серпіні – Қызылорда облысының грэпплинг федерациясына берілді. Мұндай нәтижеге облыс спортшыларының республикалық және халықаралық жарыстардағы нәтижелері күрт жоғарылағаны үшін ие болды.

Сонымен қатар, Ассоциация президенті отандық спорттың дамуына үлес қосып келе жатқан грэпплинг бапкерлерін құрмет грамоталарымен марапаттады.

Осы тұста үш номинация үздігі онлайн форматта анықталды (үздік жаттықтырушы, үздік спортшы және үздік федерация). Жалпы дауыс беруге 2 мыңнан астам адам қатысты.

Қауымдастық президенті Қанат Төлеубекұлының айтуынша, биыл біздің спортшылар үшін тарихи жеңістер мен жаңа жаңа мүмкіндіктер жылы болды.

«Бүгінде өңірлерде жас спортшыларды белсенді және күшейтілген даярлау жүргізіліп жатыр. «Sport Qory» және «Samruk Kazyna» сияқты серіктестерімізге жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Әрине, біздің спортты қолдайтын пікірлес адамдарға және жанкүйерлерге рақмет. Келер жыл да қызық болмақ. Елордамызда тағыда әлем чемпионаты өтеді. Осы жылдың жетістіктерін қайталаймыз деген үміттеміз. Барлық қазақстандықты келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!»,-деді Қанат Алин.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес