25.01.2023 | 17:00
Бөлісу:
IV қысқы Жастар спорт ойындарының басталуына санаулы күн қалды
Бір аптадан кейін, яғни 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының IV қысқы Жастар спорт ойындары басталады. Биылғы кешенді жарыс кезінде 11 спорт түрінен үздіктер анықталмақ. Олар: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.
Биылғы бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрама командалары жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшыларды анықталады. Сондай-ақ 2026 жылғы Миландағы (Италия) Олимпия ойындарына сапалы дайындық жүргізуге қатысатын мықты спортшылар іріктеледі.
Айта кетейік, Ережеге енгізілген спорт түрлері бойынша Жастар ойындарының жарыстары шайбалы хоккей мен керлингті қоспағанда, Қазақстан чемпионаты шеңберінде өтеді. Ойындардың салтанатты ашылуы 23 ақпанда, сағат 14:00-де Павлодар қаласында, ал жабылуы 8 сәуір, сағат 14:00-де Астана қаласында болады.
Толық ақпаратты мына жерден таба аласыз.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ