05.08.2023 | 22:39
Бөлісу:
Минскте ТМД елдері ойындарың ашылу салтанаты өтті
Бүгін Беларусь Республикасының астанасы Минскте ІІ ТМД елдері ойындары ресмми түрде басталды, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. «Минск-Аренада» өткен іс-шараға Беларусь Президенті Александр Лукашенко қатысып, ойындарды ашық деп жариялады.
Биылғы бәсекенің басты оқиғасы Беларусьтің әр облысындағы 11 қалада жарыстар өткізу болмақ. Жаңа форматтың мақсаты – турнирдің географиясын кеңейтіп, аймақтардағы спортты жоғары деңгейге шығару. Атап айтқанда, Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша және Солигорск қаласы.
Қазақстан атынан 14 спорт түрінен 150 спортшы қатысады (еркін күрес, әйелдер күресі, баскетбол, грек-рим күресі, дзюдо, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, жүзу, каратэ WKF, көгалдағы хоккей, көркем гимнастика, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, самбо).
Жарыс 14 тамызға дейін жалғасады, онда 20-дан астам елден келген 2000 астам спортшы жүлдеге таласады.
Ойындардың бойтұмары «Рыся» есімді сілеусін. Бекітілген ұран «Сильный характер - яркая игра!». Логотиптің символы Беларуське тән бірқатар элементтерді бейнелейді – жарқын жүгері гүліне айналатын сәндік сегіз бұрышты жұлдыз.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ