31.01.2024 | 12:43

Олимпиаданың 12-күніне шолу

Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының 12-күнінде кёрлингтен Ұлттық құрама бақ сынады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ибрагим мен Мерей Тастеміровтер топтағы шешуші ойында даниялықтарға (Катрин мен Якоб Шмидт) жол берді. Есеп: 3-15. Өкінішке қарай, Қазақстан плей-офф кезеңіне жолдама ала алмады. Біздің спортшылар кеше Италияны ірі есеппен жеңген. Алайда оның алдында Аустрия, Германия және Швейцария құрамасына есе жіберген.

Ертең, 1 ақпан ойындардың соңғы күні. Шаңғымен жарыста Берік Боранбаев, Аубәкір Тотанов, Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова квартеті аралас командалық эстафетада жүлдеге таласады. Жарыс астана уақытымен сағат 8:00-де басталады.

Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 19-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған.

Жасөспірімдер Олимпиадасы 2 ақпанда мәресіне жетеді. Еске сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын Olympics.com Youtube арнасынан көре аласыздар.

Суреттердің авторы – Шамкен Байырбек.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес