01.02.2024 | 11:22
Бөлісу:
Олимпиаданың соңғы күні Қазақстан эстафетада сынға түсті
Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшылары тек шаңғымен жарыста жүлдеге таласты. Командалық эстафетада (4×5 км) Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов, Милана Мамедова, Виолетта Митропольская кватеті 16-орыннан көрінді. Олар мәреге 58:57.4 секунд өткеннен кейін жетті. Мұнда Германия үздік нәтиже көрсетіп (53:07.3), чемпион атанды. Франция (53:13.0) шаңғышылары күміс, Швейцария (53:13.3) қола медаль жеңіп алды. Бүгін жарыс жолына барлығы 24 елдің құрамасы шықты.
Біраздан кейін мәнерлеп сырғанау мен кёрлингтен жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болады. Сосын, кешке 20:00-де (Астана уақытымен 17:00) Youth Olympic Park кешенінде ойындардың жабылу салтанаты өтеді. Қазір Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 алтын, 2 қола медальмен 19-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған. Еске сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын Olympics.com Youtube арнасынан көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКанвон-2024 Қазақстан үшін табысты қысқы Олимпиадаға айналды
Канвон-2024 – Қазақстан алтын алған алғашқы қысқы Олимпиада!
Олимпиаданың 12-күніне шолу