09.12.2023 | 22:16

Орталық мемлекеттік органдар және БАҚ қызметкерлері арасындағы турнир мәресіне жетті

Бүгін Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде шахматтан орталық мемлекеттік органдар мен БАҚ қызметкерлері арасындағы турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Доданың мақсаты – қатысушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың ұйымшылдық пен ұжымшылдық, зияткерлік даму және стратегиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Жарыс ережесі бойынша әр шахматшыға 15 минут + 10 секунд уақыт берілді. Екі күнге созылған бәсекеде 18 команда (33 ер және 12 әйел) бақ сынады. 7 турдың қорытындысы бойынша жүлдеерлер тізімі:

БАҚ қызметкерлері арасында:

I-тақта

1-орын – Жанболат Турешов

2-орын – Амир Игембаев

3-орын – Қазбек Батырбек

II-тақта

1-орын – Сағыныш Ансабаев

2-орын – Назымбек Қайырболат

3-орын – Әнуар Иманәлі

III- тақта

1-орын – Руана Шарипова

2-орын – Алуа Роберт

3-орын – Мейрамгүл Зейнуллина

Команда

1-орын – Қазмедиа орталығы

2-орын – Барыс тобы

3-орын – Арлан тобы

Орталық мемлекеттік органдар арасында:

I тақта

1-орын – Арман Оспанов (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау)

2-орын – Гүлісхан Нахбаева (Мәдениет және ақпарат министрлігі)

3-орын – Саид Рахимбеков (Ұлттық қауіпсіздік комитеті)

II тақта

1-орын – Сейтеш Сержан (ҚРҚМ)

2-орын – Жасер Жарқынбаев (Стратегиялық қорғау)

3-орын – Өмірбек Абылайхан (Мәдениет және ақпарат министрлігі)

III тақта

1-орын – Айжан Асанова (Ұлттық қауіпсіздік комитеті)

2-орын – Замира Бекмұратова (ҚРҚМ)

3-орын – Нұрия Закирьянова (Ауыл шаруашылығы)

Команда

1-орын - ҚР Қорғаныс министрлігі (1 алтын, 1 күміс)

2-орын - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (1 алтын, 1 қола)

3-орын - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғанысы (1 алтын)

«Кейінгі жылдары елімізде шахмат ойыны танымал болып жатыр. Биыл командалық әлем чемпионатында қыздарымыз күміс жүлдегер атанды. Әлем чемпионы атағы сарапқа салынған басты турнир бірінші рет Астанада өтті. Бүгін де әрбір қатысушы шахмат ойнап қана қоймай, тактикалық, стратегиялық шеберліктерін шыңдайды деп сенемін», - деп айтты шахматтан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев.

Турнирге еліміздегі атақты гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева да қатысып, жүлдеге ие болды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес