10.10.2022 | invalid

Пенчак-силаттан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

7-9 қазан аралығында Қарағанды қаласында пенчак силаттан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан чемпионаты мен Кубогы өтті. Мұнда еліміздің 13 өңірінен келген 300-ге жуық спортшы бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанатына Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фадзирул Рахман келіп, жекпе-жектерді тамашалады. Ол спортшыларға сәттілік тілеп бірлесе жұмыс істеуге дайын екендегін айтты. Сондай-ақ, қадірменді меймандар қатарында спорт жанашырларымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев, Қарағанды облысы бойынша жауынгерлік өнер ассоциация жетекшісі, облыстық маслихат депутаты Ерден  Халилин болды.

Мәртебесі биік чемпионаттың мақсаты – үздіктерді анықтап, ұлттық құраманы жасақтау. Ел чемпионаты негізінен 4 бағыт бойынша өтті. Ол «тунгал» - жекелей өнер көрсету. «Ганда» - арнайы қойылым, әр тәсілді жұптаса көрсету. «Регу» - командалық сайыс. Ал «тандинг» екі спортшының жекпе-жегі. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте Ақтөбе облысы көш бастады, қарағандылықтар екінші орында, үштікті Атыраудан келген спортшылар қорытындылады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес