14.11.2023 | 15:22

Пенчак-силаттан Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды

Дубай қаласында (БАӘ) ересектер арасында пенчак-силаттан VII Азия чемпионаты мен Таяу Шығыстың I ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кіл мықтылар жиналған сайыста 17 елден 400-ден астам қатысушы болды.

Азия чемпионатында еліміздің намысын 19 спортшы қорғады. Нәтижесінде олар 1 алтын, 3 күміс, 7 қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ Таяу Шығыстың I ашық чемпионатында 25 отандасымыз өнер көрсетіп, барлығы 27 медаль (8 алтын, 10 күміс, 9 қола) жеңіп алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес