16.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Пенчак-силаттан Қазақстан чемпионаты өтті
Мамырдың 13-15-і аралығы Тараз қаласында пенчак-силат спортынан ел чемпионаты өтті. Ересектер арасында өткен бәсекеге еліміздің 12 өңірінен 180 спортшы қатысты. Ерлер 13, әйелдер 10 салмақта кім мықтыны анықтады.
Әр салмақта топ жарған спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, әлем чемпионатына жолдама алды. Биылғы жаһандық дода 21-29 шілде аралығында Малайзия астанасы Куала-Лампурда өтеді. Құрама бапкерлері мен өкілдері ендігі мақсат осы жарыста лайықты өнер көрсету, деп отыр.
Сонымен қатар чемпионат аясында Орталық Азия елдері мен Қазақстан құрамасы жекпе-жек өткізді. Мұндай форматтағы кездесу көршілес елдермен қарым қатынасты күшейтіп, тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Чемпионатты Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман тамашалап, жоғары баға берді.
Біздің анықтама:
Пенчак-силат, я болмаса силат VII ғасырда пайда болған жекпе-жек түрі. Малай аралдар тобындағы халықтардың төл спорты. Екі спортшы арнайы музыканың ырғағымен билей жүріп, күш сынасады. Бұл жағынан силат Бразилияның ұлттық спорты капоэйраға ұқсайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықПенчак-силаттан Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды